Мен аты-жөнім Дәулетияр Шынар Бектасқызы. Білім саласында 24 жылдан астам тәжірибем бар. Яғни, гимназия, физика-математика тереңдететін лицей және жекеменшік мектептерде мұғалімдіктен бастап директорлыққа дейін қызмет атқардым. Қазір «Аниса» жекеменшік мектебінің директорымын. Біз әр жылы командамызбен оқу жылына жоспарлар құрамыз.
Бірінші балалардың физикалық, когнитивті, психологиялық дамуын зерттейтін «Британдық нейродиагностика» жасау арқылы оқушыларымызды мектепке қабылдау жасадық.
Екіншісі қауіпсіздік. Балалардың қауіпсіздігін жақсарту мақсатында, біз бейнебақылаумен турникеттің жұмысын күшейттік.
Үшіншісі асхана. Асхана мәзірін қазіргі заманға сай диетологтар, нутрициологтар 3 мезгіл тамақтануды дайындайды.
Төртіншісі білім сапасын арттыру. Мектебімізде ағылшын және математика тереңдетіліп оқытылады. Бізде ағылшын тіл тасымалдаушымен (носитель языка) Speaking Club, Сингапурлық әдіс бойынша математикалық логика, интеллектум және робототехника қостық. Әр жұма шығармашылық күн, қызықты іс-шаралар өтіледі. Сыныппен бірге бала театр, музей, мұражай, киноға барады. Бізде 10-нан астам үйірмелер бар. Мектебіміздің жұмыс уақыты таңғы сағат 8:00-ден 17:00-ге дейін. Біздің мектебімізде күтеміз. «Аниса» мен үлкен белестерге жете берейік.